Газ - қауіпті жарылғыш! Статистика көрсеткендей, өрт пен жарылыс көп жағдайда газдың ағуы нәтижесінде пайда болады

      Үй-жайда газдың ағуын өзіне тән иістің пайда болуы арқылы білуге болады. Егер сіздің үйіңіз газбен жабдықталған болса және үйіңізден газдың иісін  сезсеңіз, тез арада авариялық қызметке  (қалалық телефоннан немесе ұялы телефоннан «104» нөмеріне) қоңырау шалыңыз. Ашық отты ешқашанда пайдаланбаңыздар,  электр сөндіргіштерін де қоспаңыз немесе өшірмеңіз, себебі кішкене ұшқын үлкен жарылысқа алып келуі мүмкін! Қауіпсіздікті сақтай отырып, газ беруді тоқтатып пешті өшіріңіз, терезелерді ашыңыз және бөлмені желдетіңіз. Газ балоннан аққан жағдайда, оны бірден тұрғын жайдан сыртқа шығару керек.

     Есіңізде болсын, өртті немесе жарылысты болдырмау үшін бұзылған газ құрылғыларымен жұмыс істеуге, қыздырғыш шүмектерді ашық қалдыруға және қосалқы газ баллондарын газ плиталарына, батареяларға және электр жылытқыштарына жақын жерде сақтауға жол берілмейді. Өрт болған жағдайда «101» немесе «112» телефон нөмірлері арқылы жедел қызметке дереу қоңырау шалыңыз.

 

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі