Басшылық

Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіров  -  ҚР ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, өртке қарсы қызметі генерал-майоры.

  • 1965 жылы 14 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында  дүниеге келген.
    • Ұлты қазақ, мамандығы – арнайы жоғары -1985 жылы КСРО ІІМ Алматы өрт сөндіру-техникалық училищесі- өрт сөндіруші-технигі;
    • ҚР ІІМ Алматы жоғарғы техникалық училищесі  (1996 жылы) – өрт қауіпсіздігі инженері;
    • Техникалық ғылымдар кандидаты (Санкт-Петербург қаласы, 2007 жыл);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (1985-07.1986 жылдары);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ВПЧ қарауыл бастығы (07.1986-10.1986 жылдары);,
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ инспекторы (10.1986-1988 жылдары);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ 4-ДӘӨБ ӨКБ аға инженері (1988-1990 жылдары);
    • Алматы қаласының атқарушы комитетінің ІІБ ӨКБ №104 ӨКБ бастығы (1990-1991жылдары);
    • Алматы қаласының МӨҚ ММ №4 ӨБ бастығы (1992-1999 жылдары);
      • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттігінің  «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны бастығының орынбасары (1999 -2001жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Өрт сөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бастығы (2001 -2005 жылдары);
  • Төтенше жағдайлар саласында мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бөлімінің бастығы  (2005-2006 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасының орынбасары (2006-06.2007 жылдары);
  • Өртке қарсы қызмет комитеті Алматы қаласы Өртке қарсы қызмет департаментінің бастығы (06.2007-10.2007 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары (10.2007-11.04.2008 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы (11.04.2008.-10.2014 жылдары);
  • Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Төрағасының орынбасары   2014 жылдың  қазанынан бастап.

         Мемлекеттік және ведомстволық наградалары:

  • «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдарымен марапатталған (2006 жыл);
  • «Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар органдарының ардагері» (2008 жыл);
  • Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысы (2010 жыл);
  • «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін»  төс белгісі (2010 жыл);
  • «Төтенше жағдайлар органдарының құрметті қызметкері» ( 2013 жыл)
  • «Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығымен «ІІ дәрежелі –Даңқ» орденімен марапатталды  (2013жыл);
  • 2011 жылғы мамырда   Өртке қарсы қызметінің Генерал-майоры шені  арнайы атағы берілді;

         Отбасы жағдайы – үйленген , екі ұлы бар.


Ерлан Әлібекұлы Әлібеков - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.

Азаматтық қорғау полковнигі Әлібеков Ерлан Әлібекұлы 1977 жылы 16 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласындадүниеге келген, ұлты қазақ.

Білімі жоғары, 1997 жылы Алматы жоғары техникалық училищесін бітірді. Білімі бойынша мамандығы «Өрт қауіпсіздігінің технигі».

2000 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын тәмамдаған. Білімі бойынша мамандығы «Өрт қауіпсіздігінің инженері»

2006 жылғы қыркүйектен –Алматы қаласының Өртке қарсы қызмет департаменті Өртке қарсы нормалау және лицензиялау басқармасының бастығы.

2007 жылғы тамыздан - Астана қаласы «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасы бастығының орынбасары.

2008 жылғы қыркүйектен - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бас маманы.

2010 жылғы қарашадан -Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өртке қарсы қызмет комитеті Мемлекеттік өрт бақылау және анықтау басқармасы Техникалық нормалау бөлімінің бастығы.

2013 жылғы наурыздан - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт қадағалау басқармасының бастығы.

2015 жылғы қаңтардан - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті Алматы қ. Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі бастығының орынбасары лауазымында қызмет етуде.

2017 жылдың мамырынан бастап қазіргі уақытқа дейін - Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары

Қоғамдық қызметі: техника ғылымдарының кандидаты.

Отбасылық жағдайы: үйленген, бір қыз, бір ұл тәрбиелеуде.


 Байгелов Арман Бәкірұлы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар Департаменті бастығының орынбасары.

Азаматтық қорғау полковнигі Байгелов Арман Бәкірұлы 1975 жылы 10 желтоқсанда Алматы облысында дүниеге келген, ұлты қазақ.

 Білімі жоғары,  2005 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс Академиясын бітірген. Мамандығы-«Инженер-сарапшы-құқықтанушы».

2012 жылы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Көкшетау техникалық институтын «Өрт қауіпсіздігі бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.

 1999 жылдың  шілде айынан  бастап – Алматы қаласының ҚІІБ Әуезов аудандық АІІБ қылмыстық іздестіру бөлімінің жедел уәкілі.

2000 жылдың  қараша айынан  бастап  Алматы қаласының № 3 Өрт сөндіру бөлімінің инспекторы

2001 жылдың  мамыр айынан  бастап Алматы қаласының №1 Өрт сөндіру бөлімінің аға тергеушісі

2005 жылдың  мамыр айынан бастап  Алматы қаласы бойынша «ӨСжәне АҚЖҚ» ММ № 13 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы.

2005 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы облысы Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті тергеу бөлімінің аға тергеушісі.2006 жылдың қараша айынан бастап - Алматы облысы ІІД-нің тергеу бөлімінің аса маңызды істер бойынша аға тергеушісі.2007 жылдың тамыз айынан бастап - Алматы қаласы Бостандық ауданы өрт сөндіру қызметі бөлімінің бас инженері.2008 жылдың қаңтар айынан бастап - Алматы қаласы ІІД Тергеу басқармасының тергеушісі.2008 жылдың қазан айынан бастап Алматы қаласының ТЖД тергеу басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға тергеушісі 2010 жылдың сәуір айынан бастап – Алматы қаласының ТЖД ерекше тапсырмалар жөніндегі аға тергеуші.2010 жылдың қараша айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Төтенше жағдайларды басқару жөніндегі мемлекеттік кодексінің Мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің  бас маманы.2012 жылдың ақпан айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Медеу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы

 2013 жылдың сәуір айынан бастап  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті ішкі бақылау бөлімінің бас маманы.2014 жылдың мамыр айынан бастап - Алматы қаласындағы ТЖД МӨББ Мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің бас маманы. 
2014 жылғы қазаннан бастап - ҚР  ІІМ ТЖК Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау-профилактикалық іс Басқармасының мемлекеттік өртке қарсы бақылау бөлімінің бас маманы.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап – Алматы қаласының ТЖД Әуезов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің  бастығы

2019 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары.