Назар аударыңыз! Қатысты қызметкерлерді запасқа шығарылған құқығынсыз зейнетақы төлемдерін

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Құқық қорғау қызметі туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Заңның (бұдан әрі – Заң) 41-бабы  мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылды: «5. Егер қызметкер арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттік фельдегерлік қызмет органдарындағы қызметтен, әскери қызметтен шығарылған немесе іссапарға жіберілген күннен бастап және оны құқық қорғау органдарына қызметке қабылдаған күнге дейін үш айдан астам уақыт өтпесе, оның көрсетілген кезеңде өзге жеке және заңды тұлғалармен еңбек қатынастары болмаған жағдайда, құқық қорғау қызметінің өтілі үздіксіз болып есептеледі.».

Заңның 84-бабы (өтпелі ережелер) мынадай мазмұндағы алтыншы бөліммен толықтырылды: «осы Заңның 41-бабының 5-тармағы ол қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған құқықтық қатынастарға да қолданылады.».

Еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемі құқығын айқындау үшін
«12 жыл және 6 ай қызметтің үздіксіздігі» шарты зейнетақы заңнамасында
1998 жылдан бастап қарастырылатынын атап өтеміз.

Алайда, «құқық қорғау қызметі» түсінігі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның қабылдануымен заңнамада енгізілді.

Осыған байланысты, қайта қабылданған «үздіксіз қызметі» түсінігі қолданылатын қатынастардың мерзімінің өтуі «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңның қабылданған датасымен шектелетін болады.

Сонымен бірге, заңнамаға көрсетілген өзгерістердің енгізілуіне байланысты, бұрын қызметтен шығарылған қызметкерлерге зейнетақы төлемдерін тағайындау кезінде «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 68-бабының еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен шығарылған (жеке құрам тізімдерінен алып тасталған) күннен бастап, бірақ ақшалай қамтылым төленген күннен ерте емес және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш жасалған күнге дейін үш жылдан аспайтын мерзімге тағайындалады және жүзеге асырылады деген нормасын басшылыққа алу қажет.