ЕСКЕРТПЕ көп пәтерлі тұрғын үйлердің құрамы бойынша басқарушы ұйымдар мен пәтер иелері кооперативі үшін

Көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт оқиғаларын болдырмау үшін өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптарын орындау қажет, атап айтқанда:

• негізгі және эвакуациялық шығу есіктерін ашық ұстаңыз, олар шығу бағытына қарай ашылуы керек және олардың құлыптары есіктерді ішкі жағынан кілтсіз ашуға мүмкіндік беруі керек; 

• карантиндік аймақта (кіреберіс) басқа үйлердің тұрғындарымен байланыста болмас үшін, өрт және басқа да төтенше жағдай туындаған кезде тұрғындарды жеке жинау пункттерін алдын ала анықтаңыз;

• үйдегі өрттен қорғау жүйесін (құлақтандыру жүйесі, түтін шығаратын жүйе), тазалап жақсы күйде ұстаңыз; 

• эвакуация бағыттары (баспалдақтар, дәліздер, холл және фойе) әртүрлі тұрмыстық заттармен (жиһаз, арбамен және т.б.) бітеліп қалмауы керек. Балкондардағы қабат аралық эвакуациялау люктері еркін ашылуы керек. Баспалдақтардың астында жанғыш материалдарды жинап сақтамаңыз;

• ғимараттар мен құрылыстарға өрт техникалары мен құрылғылары еркін өту үшін кіре беріс жолдар мен өту жолдарын, сондай-ақ, өрт сөндіруді қамтамасыз ететін сыртқы су көздеріне кедергі жасамаңыз;

• егер өрттің белгілері анықталса, ең алдымен мемлекеттік өртке қарсы қызметке 101 және 112 нөмірлеріне хабарлаңыз;

• орын алған өрт туралы мүмкіндігінше тұрғындарға хабарлаңыз;  үйді электр желісінен ажырату шараларын қолданыңыз және өртті алғашқы өрт сөндіру құралдарымен сөндіруге кірісіңіз.