Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары Арман Байгелов onlinе брифинг эфирінде сөз сөйледі

Алматы қаласы ТЖД бастығының орынбасары    Арман Байгелов onlinе брифинг эфирінде сөз сөйледі.

Алматылықтарды қалалық ТЖ Департаментінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтауға шақырады.

Журналистерге арналған брифингте Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Байтелов Төтенше жағдай кезінде азаматтардың жүріп тұру қозғалыстарына шектеулер қойылғанын еске салды. Тұрғындарға үйлерінде және пәтерлерінде болуға кеңес беріледі.

Спикер коронавирустық инфекциядан өзін-өзі оқшаулау кезінде төтенше  жағдайлар басқаша орын алмауы үшін Алматы ТЖД қызметкерлерімен жасалған ұсыныстарды атап өтті, олар::
 
 -электр сымдарының жарамдылығын тексеріңіз, электр желісіне шамадан тыс жүктеме түсірмеңіз және қолдан жасалған электр құрылғыларын пайдаланбаңыз.

-газ және электр құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз.

-балкондарды (лоджиялар) жиһазбен, жабдықтармен және басқа да жанғыш материалдармен  толтырмаңыз, сондай-ақ апаттық шығу жолдары мен  баспалдақтар ашық болсын.

-балаларды қараусыз қалдырмаңыз, өрт болған жағдайдағы іс-әрекеттерді үйретіңіз.

- ас үйде немесе пәтерде газдың  иісі білінсе, шамды қоспаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз - бөлмені тез арада желдетіп, газ шүмегін жауып, газ немесе құтқару қызметіне қоңырау шалыңыз.

-төсекте темекі тартпаңыз. Есіңізде болсын, темекі мен алкоголь - бұл оттың белсенді «серіктестері».

-балконға темекі тартпаңыз, темекі тұқылын төменге лақтырмаңыз»

Брифинг барысында Арман Байгелов келесі мәліметтерді ұсынды:

Алматыда 118 техника мен 355 құтқарушы мен өрт сөндірушілер тәулік бойына жедел қызметке дайын. Азаматтарды Төтенше жағдай тәртібіне құлақтандыру үшін Алматы қаласы төтенше жағдайлар мамандары 510 теледидар мен 22 радиоарнаның жұмысын тоқтатады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Ішкі істер Министрінің бұйрығымен 1525 құтқарушы арнайы қызмет режиміне ауыстырылды.