Пресс-релиз

2020 жылғы 11 сәуірде 13 сағат 19 минутта​ Төтенше жағдайлар департаментінің​ күштері мен құрылымдары Медеу ауданы Найманбаев көшесі №37​ тұрғын үйдің​ мансардында шыққан өрт туралы шақыртуға шықты.​ ​ ҮЙ ТОЛЫҚТАЙ АҒАШТАН САЛЫНҒАН,​ үйдің​ кұрылымдық ерекшеліктеріне байланысты, өрт сөндірушілер шақыртудың​ жоғары деңгейі бойынша​ жұмыстар атқарды.

Бос құрылымдар өртті сөндіруге​ қиындық тудырып, көк жалынның жеке ғимараттарға​ таралу қаупі туындады. Өрт шыққан үйде адамдардың бар-жоғын тексеру үшін жедел арада газ- түтіннен қорғау қызметінің 4 тобы ​ барлық бағыттар бойынша жіберілді.

Ғимараттарды қорғауға 2 өрт оқпаны,​ жанып жатқан үйдегі өртті сөндіру үшін 4 өрт оқпаны жіберілді.

Өрт сөндірушілер ​ көк жалынның 6 метр қашықтықта орналасқан көрші ғимараттарға таралуының алдын алып, ​ үйдің ​ жартысына келгенде сөндіріп үлгерді . Өртті сөндіруге ​ 8 бірлік техника және жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды. ​ Өрт бір сағатқа жетпей сөндірілді, 14 сағат 47 минутта​ жалпы аумағы- 290 шаршы метр жалын толықтай жойылды. ​

Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Айта кету керек: ​ Өрт сөндіру ​ және авариялық-құтқару қызметі күн сайын төтенше жағдайларға 12-ден 15-ке дейін жедел шақыртуларды жүзеге асырады, «101» диспетчерлік қызметі күніне 500-ден астам қоңырау қабылдайды.

После оказания медпомощи, пострадавший отказался от госпитализации был отпущен домой.