Медеу ауданы Сазановская 68 көшесінде өрт фактісі бойынша ақпарат

2020 жылғы 12 сәуірде 21 сағат 08 минутта  Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне  Медеу ауданы Сазановская көшесі №68  үйден өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. 

Өрт сөндіру  бөлімі 1,5 км. қашықтықта орналасқандықтан алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына 5 минутта келді.  Қамыстан  салынған үйдің солтүстік жағындағы  бір бөлігі шатырға көшу арқылы ашық отпен жанып жатты. Көк жалынның жақын маңда орналасқан уақытша тұрғын жай  мен  «Nissan Jukе» автокөлігіне таралу қаупі туындады.

Қою түтін мен жоғары температураның әсерінен есік арқылы өтетін эвакуациялық жол жабылып қалған. Газ-түтіннен қорғау қызметінің барлау жүргізуі  барысында 2 адам:  1998 жылы туған ер адам мен 1989 жылы туылған әйел адам табылып, жедел түрде темір  торы бұзылып ашылған терезе арқылы жедел  медициналық жәрдем тобына тапсырылды. Жедел арада берілген реанимациялық көмекке қарамастан, зардап шеккендер (жанып жатқан өнімдермен улану, күйік алу арқылы) қайтыс болды.   

Өрт 5 минуттың  ішінде  сөндіріліп, жалпы аумағы 60 шаршы метр болған көк жалын 26 минуттың  ішінде толықтай жойылды. 21 өрт сөндіруші, 4 бірлік техника жұмылдырылды.

 

 

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі