Алматылықтар Бостандық ауданында тұратын көршісін өрттен құтқарды

        2020 жылғы 10 сәуірде 22 сағат 34 минутта азаматша Исаева Алинадан Орбита-1 ықшамаудандағы № 10 үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімшесі оқиға орнына  7 минутта келді, осы уақытта 8 қабатты тұрғын үйдің 1-қабатындағы зергерлік шеберханада қою түтін пайда болып, жоғары температура мен газ-ауа қоспасынан тарсылдаған дыбыстар пайда болды.

Өрт сөндіру автоцистернасы дереу арада өрт гидрантына орнатылды, магистральдық сызық төселіп, көк жалында сөндіруге өрт оқпандары жіберілді.

Өрт ошағынан  эвакуацияланған 25-литрлік газ баллонының жарылу қаупінің алдын алуға мүмкіндік туды. Оқиға орнына  жиналған  көпшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз мақсатында Полиция наряды дер кезінде келіп, төтенше жағдай болған жерді қоршауға алды.

         Оқиға орнында болған куәгерлер өрт сөндірушілер келгенге дейін 30 жастағы ер адамды көршілері құтқарғанын айтты. Зардап шегушінің көмекке шақырған дауысын естіген көршілері - Исаев Ильяс, Маженов Мұрат және басқа көршілер металл есікті ашуға тырысқанмен нәтиже болмады. Жанып жатқан үй-жайдан сыртқа шығу жолдары жабылып қалды.

Көршілер бірнеше рет әрекет етіп қолда бар құралдардың көмегімен темір торды жұлып алып, зардап шегушіні сынған терезе арқылы сыртқа шығарады. Дер кезінде көмек қолын созып, жауапкершілік танытқан азаматтардың тапқырлығының арқасында ОНЫҢ ӨМІРІН САҚТАП ҚАЛУҒА МҮМКІНДІК ТУДЫ.

8 минуттың ішінде өрттің таралуы тоқтатылып, 22 сағат 59 минутта (алғашқы өрт сөндіру бөлімдері келген сәттен бастап 18 минутта)  көк жалын толықтай жойылды

Өрт салдарынан 1990 жылы туған ер адам күйік алды, жанған өнімдерден уланып және  оң қолының  шынтағынан күйік жарақатын алғандықтан  жедел медициналық жәрдем қызметкерлерімен  №12  ҚКА ауруханаға жеткізілді.

         Медициналық көмек көрсетілгеннен  кейін зардап шегуші ауруханаға жатудан  бас тартқандықтан  үйіне жіберілді.

После оказания медпомощи, пострадавший отказался от госпитализации был отпущен домой.

   Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі