Алматы қаласының ТЖ Депаратменті: Су тасқыны жағдайы туралы

Ағымдағы жылғы сәуірдің 14-нен 15-не қараған түні қала аумағында  жауған қатты нөсер жаңбырдың салдарынан Алатау, Алмалы, Бостандық, Наурызбай және  Жетісу аудандарында көшелер мен жеке тұрғын үйлердің аулаларын су басу оқиғалары тіркелді.

Су тасқыны арық-канал жүйелерінің тұрмыстық қалдықтармен бітелуі салдарынан орын алды. Қала тұрғындарынан қоңыраулар түскен бойда оқиға орындарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімдері мен аудан әкімдіктерінің, Алматы қаласының «109» құтқару Қызметінің қызметкерлері және су соратын техникалар мен мамандар жіберілді.Күштер мен құрылымдардан 59 қызметкер, 9 бірлік техника және 5 қозғалтқыш сорғылары жұмылдырылды.

Сәуір айының басынан бастап 118 мм. жауын-шашын жауды. Бір айлық нормасы 105 болған кезде,  жауын-шашынның жалпы мөлшері (2020 жылғы 15 сәуірдегі жағдай бойынша) айлық нормадан 12% артық.  

2019 жылы ТЖ Департаментімен жиі су басатын 26 учаске есепке алынды. Солардың ішінен қазір 9 учаскеде қауіптер жойылды, қалған 17 учаске үшін ағымдағы жылы жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, (2020 жылға  жалпы ұзындығы 376 км болатын арық желілерін салуға 554 млн. теңге бөлінді) іске асырылатын болады.

Айта кету керек, соңғы 3 жылда  су тасқыны 3 есеге азайды, 381 км. арық  жүйелері қайтадан жөндеуден өтіп, қайта салынды, 40 км. қашықтықтағы  өзен арналарының жағалаулары бекітілді.

2020 жылғы су тасқыны кезеңіне жеке құрамнан 6481 адам, әртүрлі тағайындаудағы 1370 бірлік техникадан құралған күштер мен құрылымдар тобы құрылды. 13 мың данадан астам құм қаптары  мен 70 тоннаға жуық инертті материалдар дайындалды.

Су тасқыны жағдайы бақылауда, қажетті күштер мен құралдар толықтай дайын.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі