Алматылық құтқарушылар карантин кезінде тұрғылықты мекен-жайы жоқ адамдарға арналған шатырлы қалашық орналастырды

        Онлайн-конференция барысында қала Әкімі тұрғылықты тұрақты  мекен-жайы жоқ адамдардың  жағдайы бақылауда екендігін және мұндай адамдар назардан тыс қалмайтынын түсіндірді.

         Алматы қаласы  ТЖ Департаментінің Өрт сөндіру қызметі мен Алматы қаласы әкімдігінің Құтқару қызметінің қызметкерлері тұрғылықты тұрақты мекен-жайы жоқ адамдарды карантин кезеңіне бейімдеу үшін шатырлы лагерь салуға көмек көрсетті.

 Алматы қаласының Жетісу ауданында орналасқан шатырлы қалашық 300 адамға дейін қабылдай алады. Лагерь барлық қажетті заттармен: көрпе- төсектер, биодәретханалар, жуынатын орындар және ас үй құралдарымен жабдықталған. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында  ТЖ Департаментінің қызметкерлерімен өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар ілініп, аумақтары тазартылды, периметр бойынша жарық орнатылды.

         Жылжымалы шатырлы қалашық  тасымалдау  жұмыстарын қосқанда  жарты жұмыс күнінің ішінде орналастырылды.

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі