Алматы өрт сөндірушілері Бостандық ауданында қарт әйелді өрттен құтқарды

         19 сәуірде 11 сағат 04 минутта  ТЖД  «101» пультіне Бостандық ауданы Журавлев көшесі 39 үй,  6 пәтерде шыққан өрт туралы хабарлама келіп түсті. ТЖ Департаментінің өрт сөндірушілері шақыртудың жоғары деңгейімен жіберілді, себебі, барақ типті жеке тұрғын үй 6 меншік иесіне арналған.

 Өрт  туралы хабарлаған кезде  көк жалынның ішінде  адам қалды деп хабар түскендіктен, газ-түтіннен қорғау қызметі  құтқару жұмыстарына алдын-ала дайындалып келді.   Өрт сөндірушілер 5 минутта, 11 сағат 09 минутта келген кезде, пәтердегі тұрмыстық заттар мен жиһаздар жанып, өрт шатырға тарап жатты. Өртті барлау  және сөндіру кезінде газ-түтіннен қорғау қызметінің қызметкерлері көк жалынның арасынан 85 жастағы қарт әйелді тауып, құтқарып қалды.

Сонымен қатар, өрт сөндіру оқпандары беріліп, өрт сөндіру авоцистернасы гидрантқа 100 м. қашықтықта орнатылды. Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттен адам өлімі мен өрттің басқа пәтерлерге таралуына жол берілмеді.

         20 минуттың ішінде (11сағат 29 минутта) 60 шаршы метрді жайлаған өрт толығымен жойылды. (үйдің жалпы аумағы - 450 ш.м.)

        1935 жылы туылған қарт әйел, үйдің қожайыны, медициналық  тексеруден өткеннен кейін ауруханаға жатудан бас тартты, оның жағдайы қанағаттанарлық. Үй иесінің айтуынша, өрттің шығу себебі қараусыз қалған шам болған.

       Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар департаменті қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды!

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі