Алматыда Мохнатка тауының баурайы өртенді

22 сәуірде 05 сағат 15 минутта  Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Медеу ауданындағы Мохнатка тауының баурайы Керей мен Жәнібек Хандары көшесінде өртенгені туралы хабарлама келіп түсті.

Күштер мен құрылымдар табиғи өртке қарсы тұруға алдын-ала дайындалған жоспарға сәйкес,  шақыртудың жоғары деңгейі бойынша  жіберілді. Табиғи өртті сөндіруге  ТЖД  шоғырландырылған жедел-құтқару жасағынан  24 адам, 5 бірлік техника, Іле-Алатауы МҰТП-нан  15 адам, 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Өртті сөндіру үшін «Ермак» рюкзакты өрт сөндіру және траншея құралдары (жарылғыштар мен күректер) пайдаланылды. Желді ауа-райына қарамастан, қабылданған шаралардың арқасында 0,5 ГА аумақты қамтыған өрт 18 сағат 03 минутта толықтай  жойылды. Кәзіргі уақытта құрғақ ағаштардың  шоғы қалды, ТЖД куш пен құралдары түнгі күзетке қалдырылды.

 

 

Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі