ТЖ Департаменті өзінің қамқорлығындағы балалар үйін естен шығармайды

         «Biz birgemiz»  науқанына құтқарушылар «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен, «Жас Отан» Жастар қанаты еріктілермен бірлесіп республикадағы ең ірі Мамандандырылған «Жанұя» кешеніне қолдау көрсетті. Аталған балалар үйінде әртүрлі созылмалы аурулары, ақыл-есінің бұзылуы диагнозы бар балалар оқиды және сол жерде тұрады, олардың ішінде  72 -сі жетім балалар.

         Мұғалімдер мен балаларға жеке қорғау құралдары, дезинфекциялық  және гигиена құралдары таратылып, қолдау көрсетілді.

 Қазіргі қиын уақытта Алматы қаласының 1525 құтқарушысы жоғары дайындық режимінде жұмыс істеуде. Күн сайын 355 өрт сөндірушілер мен құтқарушылар, 118 бірлік техника және 4 әуе кемесі жедел кезекшілікке кіріседі және орта есеппен 12-15 шақыртуға шығу жасалып, адамдарға көмек көрсетіледі.

         Құтқарушылар осындай қиын уақытта мейірімділік пен ынтымақтастыққа бағытталған барлық іс-шараларға да қатысуға уақыт табады.

         «Бүгінде біз ең әлсіз топтар – қорғаушысыз жетімдерге көмектесуден де  тысқары қалмадық, қазір олар барлық уақыттарын карантин шарттарына байланысты үй-жайдың ішінде өткізеді. Сондықтан, олардың денсаулығын сақтау үшін біз қажетті құралдарды  дайындадық» - деп атап өтті  Өрт сөндіру қызметі бастығының орынбасары Родриго Розенбергс.

          «Жанұя» кешенінің басшылығы құтқарушыларға алғыстарын білдіріп, осындай көмектің қажет екендігін және уақтылы, дер кезінде келгендігін атап өтті.

         Құтқарушылар мұғалімдерге, дәрігерлер мен  тәрбиешілерге және осы балаларға қызмет көрсетіп жүрген барша адамдарға денсаулық тілеп, ақ тілектерін білдірді.

 

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі