«Алматы қаласының аумағында орналасқан таулы ормандардағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары» туралы online-брифинг өтті

        Брифингтің негізгі мақсаты халықты өрт қауіпті кезеңге дайындық шаралары туралы хабардар ету болып табылды. Департамент бастығы, өртке қарсы генерал - майоры Серік Әубәкіров: Егер карантин жағдайында біз қылмыс деңгейінің төмендегенін байқасақ, өрт оқиғалыры бойынша жағдай  бұрыңғы қалпында. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында өрт саны бір оқиғаға  азайып, барлығы 138 өрт оқиғасы тіркелді, 3 адам құтқарылып, 58 адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды. Күн сайын теле арналардың көмегімен үйдегі карантин кезінде өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтау қажеттілігі туралы ескертіп отырамыз!

         Алайда, күн ысып кетуіне байланысты құрғақ шөптер мен қоқыстардың өртенуі орын алуда. 1 ақпаннан бастап құрғақ шөптің жануы 175-тен астам жағдай тіркелген, жалпы ауданы 29 га-дан астам, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13% - ға артық. Құрғақ шөптердің өртенуі көбіне Түрксіб, Алатау, Медеу аудандарында орын алады.

Ағымдағы жылғы 31 наурызда қала Әкімшілігінде Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссияның отырысы өткен, онда табиғи өрттердің алдын алуға бағытталған шаралар кешені бекітіліп, нақты тапсырмалар берілді.

        Күштер мен құрылымдардың жауынгерлік дайындық деңгейін арттыру үшін ТЖ Департаментінде табиғи өрттерді сөндіруге арналған жедел әрекет етуші топ құрылды.

         Тұтастай алғанда, тау-орман алқабында жоғары деңгейдегі өрт туындаған жағдайда оны сөндіруге 300-ден астам жеке құрам, жоғары қозғалтқыштағы 23 бірлік техника жұмылдырылып, 500 қапшықтағы өрт сөндіргіші, 500 күрек және 156 жарылғыштар дайын.

 Іле - Алатау МҰТП балансында  6 өрт мұнарасы, 1 өрт сөндіру көлігі, 4 мотор сорғысы, 88 қапшықтағы өрт сөндіргіш, 1263 жарылғыш, 106 балта, 4 білезік тізбек  және 322 күрек бар.

Өрттерді сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Алматы қаласы  Әкімдігі 109 Құтқару қызметінің және ҚР ІІМ ТЖК «Қазавиақұтқару» АҚ-ың тікұшақтары қатысады.  

Таулы-орманды жерлерде өрттердің алдын алу үшін жыл сайын жергілікті полициямен  бірлесіп патрульдеу жүргізіледі. Өткен жылы 400-ден астам от жағу жағдайда тыйым салынды, 35 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Осы мүмкіндікті пайдаланып жеке тұрғын үй секторының тұрғындарына көктем-жаз маусымына дайындық кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын ескеру керектігін айтқым келеді. Бау-бақшадағы құрғақ шөптер, жапырақтар мен қоқыстарды жағу көбінесе ғимараттарда өрттің пайда болуына әкеледі. Кінәлі адамдар әкімшілік жауапкершілікке, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Атап өту қажет, 23 сәуірде 15 сағат 15 минутта Алматыда Бостандық ауданының тұрғынынан Ерменсай шағын ауданынан жоғары, таудың батыс баурайында құрғақ шөп жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы қ.ТЖД арнайы  жасағы алдын ала әзірленген табиғи өрттерге қарсы тұруға  жоспары бойынша жіберілді. Желді ауа райына байланысты саяжай үйлері мен алма бағына қарай таралу қаупі туындады (20 ГА). Күштер мен құралдар саяжай алқабын қорғауға тартылды. Қабылданған шаралармен  өрт 16 с. 32 мин.0,8 ГА алаңыда жойылдыі. ТЖД –нен 39 адам  жеке құрам, 7 бірлік техника жұмылдырылды . Қазіргі уақытта өрттің таралу қаупі жойылды. ӨРТТІҢ ШЫҒУЫНА КІНӘЛІ АДАМ АНЫҚТАЛДЫ!  Ол-  Бостандық ауданының тұрғыны  жеке үйдің иесі 1977 жылы туған  азаматы, тау бөктеріндегі өрттің шығуына кінәлі екені белгілі болды. Ол өз кінәсін мойындады, 23 сәуірде жеке учаскесінде қоршау орнатқанын түсіндірді. Металды кесу үшін электрлі «Болгарка» құрылғыны қолданғандықтан ұшқын құрғақ шөптерге түсіп, 0,8 га жерді қамтыған өрттің шығуына себеп болды, бірақ үй иесінің тарапынан ешқандай шара қабылданбады! Өрт сөндіру бөлімін басқа адамдар шақырған.          Өрт тез арада үлкен көлемге жайылып, қатты соққан желден жоғары беткейге таралып кетті. Көк жалынның саябақтағы үйлер мен 20 ГА аумақтағы алма бағына өту қаупі туындады. Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол бермей, жедел арада сөндіріп үлгерді. ТЖ Департаментінің қызметкерлерімен кінәлі тұлға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 410 бабының 1 бөлімі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуда, деп спикер өз сөзін аяқтады.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі