Алматыда 2 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Сейсмикалық станциялар желісі бойынша   2020 жылғы  25 сәуірде Алматы уақытымен 03 сағат 56  минут 34  секундта Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы   Алматы қаласынан  оңтүстік батысқа қарай 130 км. жерде Қырғызстан Республикасының аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.5

Магнитудасы MPV 4.5.

Эпицентрдің координаттары 42,11 ° N 76.33 °

Тереңдігі 15 км.

Қабылдану туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында  2  балл көлемінде сезілді.

ТЖД -мен барлык тиісті мемлекеттiк органдарга хабарланды.

Полиция Департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік  учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ. «Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ.

Қала тұрғындарынан «112» нөміріне қоңырау түскен жоқ, жағдай тұрақты.