Өрт сөндірушілер қоймадан шыққан ірі өртті жарты сағаттың ішінде сөндірді

27 сәуірде 20 сағат 14 минутта «101» пультіне Алатау ауданы Түркістан ықшам ауданы Ырысты көшесі 15 Г мекен-жайда орналасқан қоймадан өрт шыққаны туралы қойма күзетшісінен хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері  оқиға орнына 7 минуттың ішінде келгенде 1 қабатты қойма ашық жалынмен өртеніп, қойма ішіндегі құрылыс материалдарының жанып жатқандығы анықталды.

Температураның жоғары болуына байланысты жақын маңдағы тұрғын үйлер мен  көлік тұрағындағы ауыр жүк көліктеріне өрт қаупі төнді. Өртті сөндіру қабырғалардағы тез жанғыш жылытқыштар  мен  қойманың төбесінен жүргізілген жоғары вольтты желінің (110 кВ) болуы қиындық тудырды. Өртті сөндіру үшін қауіпсіздік техникасы ережелеріне сәйкес, 60 м. объективті өрт гидрантына орнатылған цистернадан 7 өрт оқпаны жіберіліп, жұмыс орнын жарықтандыру үшін екі стационарлық прожектор жасалды.

Жанып жатқан қоймадан  техникалық газ толтырылған 50 литрлік 3 баллон шығарылды.

Қабылданған шаралардың арқасында 600 кв.м. аумақты қамтыған көк жалын 20 сағат 47 минутта сөндіріліп, 20 сағат 58 минутта толықтай жойылды.

Өрт сөндірушілер өрттің тұрғын үйлер мен  көрші ғимараттарға,  жүк көліктеріне таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.


 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі