Саяжайдағы өрттен қалай сақтануға болады?

Бүгін Алматыда өткен брифингте қала әкімінің орынбасары Ерлан Қожағапанов Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындары 28 сәуірден бастап өздерінің саяжай учаскелеріне  бара алатындығын айтты.

Сонымен қатар, көктемгі-жазғы маусымда жеке меншік сектордың тұрғындары өрт қауіпсіздігі талаптарын ескерусіз қалдырмауы керек. Өрт болған жағдайда сөндіру үшін учаскеде су қоры болуы керек.

Үйдің маңайындағы қоқыстарды, жапырақтар мен құрғақ шөптерді өртеу көбінесе ғимараттардың өртенуіне және үлкен аумақтарға таралуына әкеледі. Кінәлілер әкімшілік жауапкершілікке, ал ауыр зардаптар туындаған жағдайда - қылмыстық жауапкершілікке тартылады!

Саяжай учаскесінде:

- толықтай сөндірілмеген темекі тұқылы мен шырпыны лақтыруға;

- құрғақ шөптер мен қоқыстарды өртеп, от жағуға;

- ғимараттар арасында жанғыш материалдарды сақтауға;

- өрт туындаған жағдайда өрт сөндіру машиналарының еркін өтуі үшін тұрғын үйлер мен саяжайларға баратын жолдарды, өту жолдары мен кіре берістерді бөгеуге;

- балаларды қараусыз қалдыруға және олардың отпен ойнауына жол беруге болмайды!

Аталған шектеулер өртке қауіпті кезеңнің  басталуына байланысты енгізілді!

 

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі