Алматыда газ тарату станциясының жарылысына жол бермеді

2020 жылғы 01 мамыр күні 14 сағат 32 минутта Жетісу ауданындағы Ратушный көшесі 78 «б» мекен-жайда ЛТ газ ЖШС-і аумағында өрт болғандығы туралы хабарлама келіп түсті. Бірінші өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде газ тасымалдаушы көліктің өртенгенін, газ құю стансасы мен газ баллондары сақталатын қоймаға тарап, бірнеше газ баллондары жарылғандығы анықталды. 100 куб м көлемдегі газдың жарылу қаупі туындап, 500 метрге дейінгі радиусты қамтыған газ жақын маңдағы үйлер мен нысандарға қауіп төнді. Өрт сөндірушілер жарылған газдың таралуына және адам шығынының болуына жол бермеді. Өрт 11 минуттың ішінде 14 сағат 55 минутта сөндірілді. 10 негізгі және 5 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. ПД қызметкерлерімен оқиға орын алған аймақтағы авто көліктерді алып кету және қоршау жұмыстары жүргізілді.

Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметі