Бүгінгі жаңбыр тасқынына барлық қызметтер дайын!

Алматыдағы су тасқыны жағдайы қалалық қызметтердің бақылауында. Метеорологиялық болжам туралы ақпаратқа сәйкес, Төтенше жағдайлар департаменті аудан әкімдіктерімен бірлесіп жиі су басатын учаскелердің тізімін алдын-ала құрастырған болатын. Бүгінгі жаңбырға  күштер мен құрылымдар (арнайы техника) жауын-шашын басталмас бұрын су басуға қауіпті учаскелерге жүйелі түрде жеткізілді.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі