Пресс-релиз

30 сәуір күні, сағат 12-де, Медеу ауданында нөсер жаңбырдың салдарынан, Алмалы к-сі, 40, жол  бөлігі бұзылды. Дереу оқиға орнына Медеу  ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, әкімдік, Қазселденқорғау қызметкерлері келді. Асфальтта ұзындығы 12-16 метр және ені шамамен 5 см жарық пайда болғанын анықтады, көліктер мен жаяу жүргіншілердің кіруіне шектеу қою үшін қауіпті жерлер қоршалды, полиция бөлімшелері қызметкерлерінің  блоктбекеттер орнатылды. Одан әрі шешімді Медеу ауданының әкімдігі қабылдайды.