Жауын-шашыннан болатын тасқынға қарсы жүргізілген шаралардың тиімділігі расталды!

           Ағымдағы жылдың сәуір айының басынан бастап 137 мм жауын-шашын түсті, негізгі нормасы 105 мм. 14-15 сәуірде жауған жаңбырдан кейін қалалық қызметтер тасқын жағдайын талдап, жиі су басатын учаскелердің тізімін жасады. Су тасқынына жауап беру динамикасы су тасқыны кезіндегі қиын жағдайларды алдын-алу үшін құрылған.

          30 сәуірде жауған нөсерге қала қызметтерінің күштері мен құрылымдары қаланың су басуға қауіпті 15 учаскесіне алдын-ала жеткізілді. Жұмыс аяқталғаннан кейін жиі су басатын көшелердің қорытындысы шығарылды.

Алатау ауданында:

           Жиі су басатын Аралқұм  көшесі 24 мекен-жайына алдын-ала келген техникалардың көмегімен  30 текше метр су тартылып,  4 тұрғын үйді № 9А, 22,24,26 су басудан сақтады.

  Жетісу ауданында:​ 

          Зубарев көшесінде су тасқыны жүруіне жол берілмеді. Мердігерлік ұйымдар жаңбыр жауғанға дейін арықтарды қоқыстардан тазартқандықтан, арық жүйелеріне жиналған су өз ағынымен жылжыды.

Медеу ауданында:

          Сазоновская  мен Шарипов көшелерінің маңайынан 15 куб метр су шығарылып, екі көшені су басуға жол берілмеді.

Түрксіб ауданында: 

 «Алматы су» мекемесінің  су сорғыш техникалары Жангелдин  көшесіне судың жайылуын болдырмады.

      «109»  Құтқару  қызметі  құтқарушылары, мердігерлік ұйымдар, аудан әкімдіктері мен Төтенше жағдайлар департаментінің  бөлімдерінен  60 адам мен  17 бірлік техника (шлам сорғылары, кәріз сорғылары, мотор сорғылары) жұмылдырылды.

            Жауын-шашыннан болатын тасқынға қарсы тұру бойынша қабылданған шаралар өз тиімділігін дәлелдеді - тіркелген 15 учаскенің 10 учаскесінде, сондай-ақ 13 тұрғын үйдің аумағын су басуға жол берілмеді.

             Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады!

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі