Алматы қаласының ТЖД Ұлы Отан соғысының ардагері ГИРШ Леонид Юзефовичті Ұлы Жеңістің 75 жылдығымен құттықтады!

Алматы қаласы ТЖ Департаментінің қызметкерлері ардагерлерді  мерекелерден тыс уақыттарда да  еске алып, қал жағдайларын біліп отырады.   Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерейтойы қарсаңында  Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Серік Әубәкіров пен Төтенше жағдайлар бойынша Ардагерлері кеңесінің төрағасы Амантай Молғаждаров аңыз-адамды мерекемен құттықтау үшін үйіне келді.

Отставкадағы зейнеткер полковник Гирш Леонид Юзефович 1941 жылдың шілдесінен майданда болды. Сталинград шайқасында бөлімше командирі, взвод командирінің көмекшісі және Сталинград шайқасында теңіз взводының командирі ретінде шайқасты. Польша, Германия және Чехословакия аумағында Курскдан Украинаны босату шайқастарына қатысқан. Леонид Юзефович 40 жылдан астам уақыт қарулы күштерде қызмет етті, Алматы қаласы мен Алматы облысы Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болған.

Басқа елдердің  мемлекеттік наградаларымен- 5 орден және 35 медальмен марапатталған.

Леонид Юзефович ұзақ уақыт бойы қаланың Азаматтық қорғаныс штабын басқарды; 1960-1970 жылдары республиканың және облыстың Азаматтық қорғаныс штабы жаттығумен қатар, практикалық өзекті мәселелерді шешуге ат салысты. Оның тікелей басшылығымен 1966-1972 жылдары қаланың авариялық-техникалық қызметтері Медеу шатқалында сел тасқыны дамбасының құрылысын салуға қатысты.   

1973 жылғы шілдеде болған  қуатты сел ағыны  үлкен апатқа ұшырата жаздады, Леонид Юзефовичтің басшылығымен тәулік бойы жүргізілген нығайту жұмыстарының арқасында  дамба жарылмады,  азаматтық қорғаныс полкі алдыңғы қатарда болды

АҚ  Штабы төтенше комиссия мен әскерилендірілген топтардың арасындағы үзіліссіз байланысты қамтамасыз етті.

Л. Гирш Азаматтық қорғаныс жүйесін құруға, дамытуға және жетілдіруге және Алматы қаласында және қала маңайына қорғаныс объектілерін салуға үлкен үлес қосты. Алматыдағы азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жүйесі республикада ең жақсы деп танылғандығы кездейсоқ емес.      

Майдангер ақынмен, он екі проза және поэзия кітабының, оның ішінде «Жеңіс алауы» атты үш томның авторымен кездесу жылы және шынайы жағдайда өтті. Леонид Юзефович Қазақстан халықтары Ассамблеясы, сондай-ақ жақын достарымен ұйымдастырылған кездесулердің жылы лебіздерін баяндайтын Департамент қызметкерлерінің фотоальбомына шын жүректен қуанды. Леонид Юзефович өзінің естеліктерімен бөлісіп, өскелең ұрпаққа қолдау сөздерін айтты, көктем, махаббат және Жеңіс туралы өз өлеңдерін оқыды:

(«Мәңгілік алауда» өлеңінен үзінді

Қазақстанның жас офицерлеріне үндеу)

 

Им было по двадцать. Бои и медали,

Берлин и осколок, попавший в висок.

За час до Победы они погибали…

Последняя схватка, последний бросок.

Смотри, лейтенант, как невидимым строем

Герои идут по родной стороне…

Так будь в этой памяти братской достоин!

Не дай лейтенант повториться войне!  …

Ардагеріміз әрдайым сапта - төрт жылдан кейін  100 жасқа толады! Ол әлі де тың, қоғам белсендісі. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде болатын  барлық салтанатты мерекелер оның қатысуымен өтеді.

Құтқарушылар мен ішкі істер органдарында қызмет ететін басқа да қызметкерлер біздің ардагерлерімізді, соғыс батырларын, тыл еңбеккерлерін мақтан тұтып алғыс айтады, олардың ерлігі мен қайсарлығы көптеген қазақстандықтардың ұрпағы үшін ерліктің, батылықтың және патриотизмнің жоғары символына айналды!

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі