Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары Ильин Юрий Викторович жоғары басшылық құрамның әскери атағын иеленді

         Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 04 мамырдағы №323 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің орынбасары, азаматтық қорғау органдарының кураторы Ильин Юрий Викторовичке жоғары басшылық құрамның генерал-майор әскери атағы берілді.  

         Ильин Юрий Викторович 1985 жылы ССРО Маршалы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген соң еңбек жолын әскери қызметтен бастады. Қазіргі уақытта Юрий Викторовичтің қызмет өтілі 35 жылды құраса, оның 15 жылы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде өтті. Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің дайындық орталығында аға офицер  қызметінен бастап, 1999 жылдан 2011 жылға дейін Департамент бастығының орынбасары қызметін атқарды.

          Алматы гарнизонының жеке құрамы Юрий Викторовичті кәсіби, білікті басшы және ұқыпты, әдепті, жауапкершілікті тұлға ретінде жақсы біледі және басшылық құрамның  жоғары әскери атағын иеленуімен шын жүректен құттықтайды!

 

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі