7 мамыр - Отан қорғаушылар күні мерекесінің құрметіне Алматылық өрт сөндірушілер 20 кг салмақтағы жауынгерлік киім мен жабдықтарда күш жаттығуларын орындау арқылы төтенше жағдайлардағы шеберліктерін көрсетіп, челлендж жасады!

         №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері  салмағы 8 тоннадан асатын су толтырылған  «ГАЗон NEXT» көлігін жалғыз өзі орнынан қозғап, алға жылжытты!

         №12  өрт сөндіру бөлімінің қызметкері салмағы 100 кг дейінгі  «УРАЛ» автокөлігінің дөңгелегін жылдамдыққа айналдырып кроссфит жасады,  жаттығулар кешенінде құрылғыны қысылған ауамен өшірмей, тар шабуыл баспалдақтарының арасынан өту керек болды, соңынан  жаттығу мұнарасының төртінші қабатының терезесіне шабуыл баспалдағы арқылы біріктірілген көтерілу әдістерін жасады. Барлық жаттығулар жиынтығы бірнеше минутқа ғана созылды.

        №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкері толық жауынгерлік киім мен құрал-жабдықтарда сығымдалған ауада аппараттарды қосып, ауыр спорттық құралдармен күш жаттығуларын жасады.

        №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімнің қызметкері екі өрт сөндіру көліктерінің арасына көлденең қойылған үш аяқты баспалдақтан көтерілу арқылы физикалық күш пен ептілікті көрсетті.

          № 16  өрт сөндіру бөлімнің өрт сөндірушісі «Медеу» бөгетіндегі 842 сатыдан тұратын баспалдақпен  көтеріліп, мәреге жеткенде Қазақстан Республикасының Туын ашты.

        Көрсетілген барлық жаттығулар өрт сөндірушілердің қиын жағдайдағы өрт немесе басқа  да төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеудегі  физикалық және моральдық дайындығын көрсетеді. Челлендж  Алматы гарнизонының 17 өрт сөндіру бөлімін қамтиды.

 

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі