Алматылық құтқарушылар ардагерлердің жүрегін музыка әуенімен жылыттты

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне соғыс жылдарындағы әндер жиынтығын арнады. Ұлы Отан соғысының символына айналған «Синий платочек» әнін №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисі Сая Кенжебекова, оның әріптесі Нұрлан Қаракулов  «Смуглянка» әнін және әлемдегі ең әйгілі әндердің бірі- «Катюша» әнін №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Құлназаров Мейрамбек ана тілінде орындады.

Майдангерлік әндер ардагерлердің көңіл-күйін көтерді, аталған әндер соғыс жылдарында сарбаздарға майдан өмірінің қиыншылықтарын жеңуге көмектескен. Жарияланған төтенше жағдай және карантин кезіндегі ерекше тәртіпке қарамастан, ТЖ Департаментінің қызметкерлері Ұлы Жеңіске үлкен үлес қосқан батырларын құрметтеді.

«Біз қымбатты ардагерлерімізді тек әнмен ғана емес, сонымен қатар  Отан қорғаушылар күніне орай науқандар мен челлендждер өткізіп, ардагерлердің соғыс жылдарындағы фото суреттерінен бейнежазбалар, хроникалық-деректі фильмдердерден бейнероликтер жасадық, қолдау көрсетіп, қуантуға тырыстық.  Біз Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлер мен  көзі тірі соғыс ардагерлеріне басымызды иеміз. Аталған іс-шаралар жас ұрпақты отансүйгіштікке, Отанға жанқиярлықпен қызмет етуге, тарих пен үлкендерді құрметтеу рухында тәрбиелеу үшін қажет» - деп атап өтті  Алматы гарнизонының қызметкерлері.

Алматы қаласының ТЖ Департаментінде 5-Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер және Ұлы Отан соғысына қатысушы және тыл еңбеккерлері мен соларға теңестірілген 10 ардагер бар. Ардагерлеріміз Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты  Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің грамоталарымен және Ресей Федерациясы ардагерлер ұйымының  «Жеңіс» медалімен марапатталды.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен тыл еңбеккерлеріне теңестірілген ардагерлерге ҚР ІІМ ТЖ Комитеті Төрағасының Алғыс хаттары тапсырылды.

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі