Алматы қаласы ТЖ Департаментінің бастығы өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Ғабдоллаұлы Әубәкіровтың құттықтауы

Құрметті Әріптестер, қымбатты біздің Ардагерлер!

Төтенше жағдайда азаматтық қорғау органдары азаматтарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қызметтерін жалғастыруда.

Карантин кезеңінде 1525 құтқарушы ерекше қызмет тәртібіне ауыстырылды. Тәулік сайын 355 адам, 118 бірлік техника және 3 әуе борты жедел пайдалану қызметіне кіріседі. Біздің қызметкерлер күн сайын телефон қоңырауларымен жұмыс жасаумен қатар, күніне орта есеппен 12-15 шақыруларға барады және «Біз біргеміз» науқанына қатысып, азаматтарға белсенді түрде көмектеседі. Құтқарушылар «Нұр Отан» партиясының филиалымен бірлесіп, балалар үйіне және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасыларға көмек көрсетіп отырады.

Еліміздің Президенті азаматтық қорғау органдарында ерекше көзге түскен қызметкерлерге мемлекеттік наградалар беру туралы Жарлыққа қол қойып, біздің жұмысымызға деген көзқарасын ерекше атап өтті. Мемлекеттік наградаға азаматтық қорғау органдарының 3 қызметкері ұсынылды. Оның ішінде, №9 өрт сөндіру бөлімінің азаматтық қорғау кіші сержанты, өрт сөндіруші Ыдырыс Бақберген Қанатұлы Алмалы ауданындағы 4 қабатты үйде болған өрттен Сатвалдиева Олеся мен оның баласын өрттен құтқарып, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен марапатталды. Ризашылық білдірген әйел бізге алғыс хат жазып, өрт сөндіруші-құтқарушылар өз өмірлеріне тәуекел төндіре отырып, қауіпті ортада қызмет атқаратынына көз жеткізді.

Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі мен Төтенше жағдайлар комитетінің Төрағасы да қол қойды.

Жалпы алғанда, ведомстволық марапат азаматтық қорғау органдарының 40 қызметкеріне берілді, олардың екеуі Алматы гарнизонынан, №3 өрт сөндіру бөлімінің көлік жүргізушісі азаматтық қорғау аға сержанты Ибрагимов Еламан Байрамұлы және Әуезов ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Тоқарбаев Асхат Темірханұлы. Азаматтық қорғау подполковнигінің тағы бір арнайы дәрежесі Гарнизонның жедел кезекшісі Ярцев Денис Николаевичке берілді. Үш қызметкерге (Айтбаев Нұрбол, Адилчаев Рашид және Нұрымбет Бахтияр) алғашқы арнайы «Азаматтық қорғау лейтенанты», ал капитан дәрежесі Азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Юсупов Ануарға берілді.

45 қызметкерге Алматы қаласы ТЖ Департаменті бастығының грамотасы берілді.

Марапатталғандардың барлығын құттықтаймын және қызметтің барлық саласында барлық құтқарушылардың міндеттерін адал атқарғандарыңыз үшін алғыс айтамын.

Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін және оларға теңестірілген адамдарды құрметтейміз.

Ұлы Жеңіс біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады! Біз соғысқандарға және тылда жеңіс қаруын жасағандарға құрметпен бас иеміз!

Біздің міндетімізге адал қызмет ету арқылы құрметке ие болған және бүгінде өздерінің мол тәжірибесін өскелең ұрпаққа үйретіп жүрген біздің ардагерлерге арнайы алғыс сөздер айтылады.

Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне Ішкі істер Министрінің Грамоталары тапсырылды, олар:

1. Гирш Леонид Юзефович

2. Веледницкий Марк Борисович

3. Бекболатов Талғат Кәрімұлы

4. Долидуда Егор Степанович

5. Михайлов Григорий Павлович

Төтенше жағдайлар Комитетінің Алғыс хатымен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар мен тыл еңбеккерлері марапатталды, олар:

1. Буздаев Сағат Бейсейұлы

2. Бақтыбаев Асқар Оспанұлы

3. Дугушев Нұрлан Әнуарбекұлы

4. Балтабеков Скендер Окшиұлы

5. Верещагин Николай Алексанлдрович

6. Қарамергенов Тәкеш Қантайұлы

7. Нұрмұхамбетов Әшімхалы Нұрмұханбетұлы

8. Нұртаев Саясат Бегалыұлы

9. Порядина Наталья Андреевна

10. Чернышов Владимир Николаевич

Баршаңызға мықты денсаулық, бақыт, отбасыларыңызға амандық, бейбіт аспан тілеймін!