Алматы қаласы ТЖ Департаментінің қызметкерлері ардагерлерді Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75-жылдығымен құттықтады

Біздің әріптестеріміз соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін мерекемен шын жүректен құттықтады. Бұл ата-бабаларымызды мақтанышпен еске алатын қуанышты, бірақ сонымен бірге қайғылы мереке. Майдангерлеріміз азайып барады, көзі тірі соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтау өте маңызды. Сондықтан біздің қызметкерлер отбасыларымен бірге ардагерлердің үйіне келіп  азық-түлік себеттерін, гүлдер сыйға тартып, батылдықтары үшін, олар алып берген біздің  бүгінгі бейбіт өміріміз бен болашағымыз үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

Алматы қаласының ТЖ Департаментінде 5-Ұлы Отан соғысына қатысушы ардагер және 10-Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңіестірілген адамдар мен тыл еңбеккерлері  бар. Ардагерлерімізге Ұлы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге байланысты  Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрінің грамоталары және Ресей Федерациясы ардагерлер ұйымының  «Жеңіс» медалі табысталды. ТЖ Комитеті Төрағасының Алғыс хатымен Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдар мен тыл еңбеккерлері марапатталды. Біздің ардагерлеріміз:

Бекболатов Талғат Кәрімұлы- 19 жасында майданға аттанған. 1943 жылдың 1 қазанынан 318 гвардиялық полктің кейіннен оң жағалаудағы 110 гвардиялық атқыштар дивизиясы құрамында болған. Кременчуг елді мекеніндегі шабуылға қатысып, сол жерден жарақат алады. 1945 жылдың 18 қарашасынан  1977 жылдың 31 шілдесі аралығында ЖДАҚ АҚ-да қызмет атқарған.

 Гирш Леонид Юзефович -отставкадағы полковник 1941 жылдың шілдесінен майданда болды. Сталинград шайқасында бөлімше командирі, взвод командирінің көмекшісі және Сталинград шайқасында теңіз взводының командирі ретінде шайқасты. Польша, Германия және Чехословакия аумағында Курскдан Украинаны босату шайқастарына қатысқан. Леонид Юзефович 40 жылдан астам уақыт қарулы күштерде қызмет етті, Алматы қаласы мен Алматы облысы Азаматтық қорғаныс штабының бастығы болған.

Михайлов Григорий Павлович - 1944  жылы  өз жасына екі жас қостырып, Қызыл Армия қатарына шақырылады. Ол Квантун Армиясының Жапонияға қарсы соғысына қатысты.

Веледницкий Марк Борисович - 1943 жылы әскерге шақырылады. Армия генералы Баграмианның басшылығымен армия мектебін бітіріп, артиллериялық шабуылдаушы 2-ші Балтық фронтының мото-атқыштар полкінде шайқасады.

Долидуда Егор Степанович – 1944 жылы желтоқсанда Совет Армиясы қатарына шақырылып, Қиыр Шығыстағы Приморск өлкесінің Иман қаласы 297 атқыштар полкіндегі 184 дивизияда атқыш-пулеметші болған, 1945 жылдың тамыз айында олардың бөлімшелері Жапониямен шекарада болған.   

Ұлы Жеңіс біздің жүрегімізде мәңгілікке сақталады! Біз соғысқа қатысушылар мен тылда жеңіс қаруын жасаған ардагерлерімізге құрметпен бас иеміз!

 

 

 

Алматы қаласының ТЖ Департаменті