Алматыда жер сілкінісі тіркелді

Сейсмикалық станциялар желісі бойынша   2020 жылғы  09 сәуірде Алматы уақытымен 21 сағат 36  минут 54  секундта Алматы қаласында жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы   Алматы қаласынан  оңтүстікке қарай 291 км. жерде Қытай Республикасының аумағында болды.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 12.8

Магнитудасы MPV 4.9.

Эпицентрдің координаттары 40,92 ° N 76.63 °

Тереңдігі 5 км.

Қабылдану туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында  2-3  балл көлемінде сезілді.

Полиция Департаментінің ЖБО мәліметтеріне сәйкес, патрульдік кезектегі патрульдік  учаскелерде ешқандай зақым болған немесе қираған жағдай байқалған жоқ, жағдай тұрақты.

«112» және «101» жүйелеріне тұрғындардан қоңырау түскен жоқ.

«Қазселденқорғау» ММ мәліметтері бойынша гидротехникалық құрылыстарда, көшкін қауіпті және сел жүру қаупі бар учаскелерде бүліну, шөгу және жарықшақтар анықталған жоқ.

Өзен арналарындағы судың бұлдырлығы  сәйкес шектерде, қалыпты ағуда.