Мореналық көлдерге аэровизуалды ұшуды Алматы қаласының «Қазселденқорғау» ММ жүргізеді

          Жалпы алғанда, Алматы қаласының аумағында 37 морена көлі бар, оның  ішінде 15 көл жарылуға қауіпті болып саналады.             

         Олардың жағдайын жан-жақты бағалау мақсатында ағымдағы жылғы 11 мамырда  «Қазселденқорғау»  мемлекеттік мекемесінің мамандары мен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті аэровизуальдық тексеру жүргізді.

         Тексеру нәтижелері бойынша анықталғандай морена көлдері қысқы режимнен шығуда. Көптеген көлдер мұз және қармен жабылған. Көлдерден ағу байқалмайды, сондықтан қала тұрғындары мен қала инфрақұрылымына қауіп төндірмейді.

        Ағымдағы жылы мореналық көлдерді босатудың алдын-алу жұмыстары Қарғалы, Ақсай, Кіші және Үлкен Алматы өзендерінің бассейндерінде орналасқан жарылуға қауіпті 7 морена көлдеріне жоспарланған.

Осы мақсатқа ҚР ІІМ ТЖ Комитетімен  Республикалық бюжеттен  43 миллион теңге бөлінді.

Алдын алу жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталады, оларды іске асыру үшін жоғары қуаттылықтағы 10 сорғы, 10 тұрғын үй модулі, сифон құбырлары және басқа да қажетті техникалық ресурстар әзірленді.

          Сел жағдайы үнемі бақыланып отырады.