Қазанда қараусыз қалдырылған майдан Алмалы ауданындағы екі қабатты ғимарат өртке орана жаздады

         2020 жылғы 12 мамырда 17 сағат 37 минутта ТЖ Департаментінің өрт сөндіру есептері Түркебаев  пен Төле би көшелеріндегі екі қабатты ғимараттың жертөлесі түтіндегені туралы хабарламаға шықты.   101 басқару пультіне  куәгерлерден 20-ға жуық қоңырау келіп  түсті. Өрт сөндірушілер 17 сағат 46 минутта оқиға орнына келгенде анықталғаны: асхананың жертөлесіндегі үй-жай ашық жанбай түтіндеген. Газ кескіштердің көмегімен өрт сөндірушілер есікті ашып барлау жүргізді, үй-жайда адамдар болған жоқ. 

        Түтін қараусыз қалған қазандағы майдан пайда болған. Жертөледе тамақ пісірілген пештер өртеніп, ас үй сөрелері бүлінген, жоғары температура әсерінен өрт жертөленің кіреберісіне өткен.

        Жалпы алаңы 15 шаршы метрді қамтыған түтін  17 сағат 57 минутта оқшауланып,  18 сағат 02 минутта  толықтай жойылды.

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі