Ата-аналар, балаларды терезеден құлап кетуден сақтаңыздар!

          Жыл сайын жаз маусымында статистика қайғылы оқиғамен басталады: себебі, балалар биік қабаттардағы ашық  тұрған терезелерден  құлап кетеді. Биыл қалада осындай 6 оқиға тіркелді, нәтижесінде балалар жарақат алды, олардың кейбіреуі- өлімге әкеліп соқты!  

         Бұл  жағдай көбіне ересектердің терезелер мен балкондарды күндіз-түні ашық қалдыруынан орын алады. Тәуекелділігі жоғары аймақта 5 жасқа дейінгі балалардың табиғи қызығушылығы басым болады, олар өмірлеріне төнетін  қауіпті  білмейді.   

        Сонымен, 2 тамызда екі бала терезеден құлады - Медеу ауданында 4 жасар бала бес қабатты үйдің 5-қабатынан құлап,  жедел медициналық жәрдем келгенге дейін қайтыс болып кетті. Сол күні, Әуезов ауданында екі жасар қыз бала терезеге орнатылған тормен қоса құлады. Басы ашық жарақат алған сәби ауруханаға жеткізілді, соңынан комаға түсті.

        Осы жағдайларға байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар Департаменті ата-аналарға  төмендегідей ережелерді ескертеді:

- егер терезе 12,5 см.-ден артық ашық болса,  балаңыз терезеден құлап кетуі мүмкін;

- кең ашылуға мүмкіндік бермейтін терезе құлыптарын орнатыңыз;

- балаларға терезелерден алыс ойнауды үйретіңіз;

- балаларды үнемі бақылауда ұстау керек;

- терезеге орнатылған торлар  балалардың құлап кетуіне қорған бола алмайды;

- терезені ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулер қойыңыз.

 Терезе ашуға мүмкіндік бермейтін шектеулердің  түрлері:

Тросты шектегіш.

         Тросты шектегіш терезелерді кең ашуға мүмкіндік бермейді. Аталған құрылғылар пластикалық, ағаш және алюминий жылжыту түрлеріне  бірдей сәйкес келеді. Терезені желдету кезінде  бұғаттан шығаруды қажет етпейді, ал трос саңылаудың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда, олар қарапайым, сенімді және қауіпсіз құрылғылар болып саналады.

          Тарақ - бұл терезе тұтқасының астына бекітілген металл немесе пластиктен жасалған дөңгелек немесе тікбұрышты ұстағыш. Пластикалық құрылғының  артықшылығы - 7 сантиметрге дейін терезені ашу және түстерді таңдау мүмкіндігі. Металл құлыптардың түс гаммасы әр түрлі емес, алайда мұндай құрылғылар үлкен беріктікке ие. Тұтқаға арналған тарақ терезе тұтқасының астына бекітілген түйреуішпен жабдықталған. Тарақ терезе жақтауының жылжымайтын бөлігіне бекітіледі, құрастырымына байланысты оны көтеруге, түсіруге болады және аз орын алады.
    Орнату орны терезе тұтқаларының орналасуына қарамастан таңдалады. Штифт өздігінен бұрап тұратын бұрандамен бекітіледі.