ТЖД алматылықтарды сырғыма қаупі туралы ескертеді!

Өткен тәулікте жауын-шашынның түсуіне және «Қазгидромет» РММ 2020 жылғы 18 мамырдағы №02 дауылды ескертуіне  байланысты мамыр айының 19 мен 22-сі аралығында Алматы қаласының тау бөктерлерінде сырғыма жүру қаупі бар.

Осыған байланысты, қаламыздың таулы аймақтарында тұратын тұрғындардан су желілері мен кәріз шұңқырларды пайдалану кезінде сақ болуды, су желілерінде ақаулар пайда болған жағдайда суды өшіруді және оларды қалпына келтіру бойынша тиісті шараларды қабылдауды сұраймыз. Сырғымаға қауіпті кезеңде тау-беткейлі учаскелерде жер жұмыстары мен басқа да жұмыстардан бас тарту қажет.