Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жұмыстар жалғасуда

        2020 жылғы 19 мамырда Төтенше жағдайлар департаменті мен аудандық ТЖ бөлімдерінің жеке құрамымен бейнеконференция режимінде  Е. Б.Бекболатовқа қатысты қылмыстық істе қылмысты жасауға және басқа да заң бұзушылықтарға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы Ұсынысты қарастыру туралы жиналыс өткізілді.

       Жиналысқа Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Таумурат Данияр Таумұратұлы, Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ерекше маңызды істер бойынша тергеушісі Шарипов Аманжол Дулатұлы қатысты.

      Аталған жиналыс қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтардың алдын алуға және болдырмауға, оларды жасауға себеп болатын жағдайларды жоюға бағытталған.

      Данияр Таумұратұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басты басымдығы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының салдарымен күрес емес, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған алдын-алу шараларын жүзеге асыруды, сондай-ақ жағдайларды жоюды, қылмыстық құқық бұзушылықтың және басқа да заң бұзушылықтардың орын алуын дер кезінде ескертіп, алдын-алу болып табылатынын атап өтті.

      Жиналыс соңында ТЖД қызметкерлеріне Е.Б.Бекболатовты ұстау кезіндегі және оған қатысты жүргізілген тергеу шаралары туралы бейнефильм көрсетілді.

     Жалпы, жиналысқа қатысушылардың пікірінше, мұндай іс-шаралар қылмыстық құқық бұзушылықтың және басқа да заң бұзушылықтардың жасалуына ықпал ететін мән-жайлардың алдын алу мен болдырмауға арналған жақсы шара болып табылады.

 

Алматы қаласы ТЖД кадрлар саясаты бөлімі