Алматыда қаза болған өрт сөндірушілердің ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды

Бүгін 20 мамырда өрт кезінде қаза тапқандарды еске алу мақсатында дәстүрге айналған іс –шара  Алматы өрт сөндірушілеріне арналған мүсінге гүл шоқтарын қою рәсімі болып өтті. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты, гүл шоқтарын қою өрт сөндіру бөлімі қарауылдарының форматы түрінде жүргізілді.

Аталған мүсін 2009 жылы  Алматы қаласының ТЖД «ӨС және АҚЖ» ММ-ің  № 14 өрт  сөндіру бөлімінің аумағында салынған.

Рәсімге Алматы қаласының ТЖД-ің бастығы, өртке қарсы қызмет генерал-майоры Серік Әубәкіровтің басшылығымен  өрт сөндіру қызметінің барлық офицерлері, қатардағы құрамы және ардагерлер  қатысты.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 1989 жылғы 20 мамырда Алматыда болған.  «Алматы-2» темір жол вокзалының кіреберіс жолдарында екі маневрлік локомотивтер соқтығысқан. Соқтығыс салдарынан газ толтырылған  6 цистернаның 1-уі зақымданып, нәтижесінде өрт пайда болып, жалындаған өрт екінші цистернаны қыздырды. Қатты қызу салдарынан жойқын газ жарылысы болды. Үш жүз метрге көтерілген өрт  маңайындағыларды  толықтай жауып тастады.

Өрт сөндірушілер өздерінің батырлығы мен қайсарлықтарының арқасында қайталанбайтын шығындарға қарамастан, газ толтырылған 4 цистернаны  қауіпсіз жерге апарып, оқиға орын алған жерге жақын орналасқан үй-жайларды және қаламыздың көптеген азаматтарының өмірлерін сақтап қалды. Өрт сөндірушілердің жанқиярлығы, олардың табандылығы, батылдығы мен кәсіпқойлығы өртті жеңіп шықты.

Алайда, осы жеңіске қымбат баға берілді – тілсіз жаудан біздің 9 әріптестеріміз өрттен алған күйіктердің нәтижесінде қайтыс болды, олар өздерінің кәсіби міндеттерін мүлтіксіз орындады.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен  батырларға өрт сөндіру  кезіндегі  жанқиярлық әрекеттері, батылдық пен ержүректіліктері үшін Қызыл Жұлдыз Ордені қайтыс болғаннан кейін берілді. Олар:И.Ф. Сафарғалиев, Р.С.Қасымов, С.К.Әлімтаев, И.А. Абдранов, Ф.А. Шәріпов, К. Аккулов, Е.К.Ысқақов, В.В. Никуленко және  М.И. Маликов.

Олардың жасаған ерліктері Алматы гарнизонының өрт-құтқарушылары үшін  мәңгілік қызмет көрсету үлгісі болып қала береді.

 Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі