Алматыда құтқарушылар карантин кезінде 84 мыңнан астам оқушыға қауіпсіздік техникасы бойынша сабақ өткізді

6 сәуірден бастап коронавирустың таралу қаупіне байланысты оқушылар қашықтықтан оқыту жүйесіне көшті. Бұл үшін Алматы қалалық Білім басқармасы мұғалімдер мен оқушыларға барлық жағдайды жасады. Сәуір айының соңына қарай 15 мыңнан астам мұғалім оқушылармен онлайн режимінде жұмыс істеді. Қашықтықтан оқыту процесіне Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де қосылды.

Құтқарушылар 205 мемлекеттік жалпы білім беретін мектептердің 7-10 сынып оқушылары үшін «Zoom», «Telegram», «WhatsApp» қызметтері арқылы қашықтықтан бейнеконференциялар жүргізді. Бір ғана Алатау ауданының өзінде  «Су қоймаларында шомылу кезіндегі қауіпсіздік», «Балалардың ашық терезелер жанында болу қаупі» тақырыптары бойынша сабақ алған оқушылар саны 14 мың болды. «Алматы» телеарнасының эфиріндегі бейне сабақтардың басталуы қашықтықтан оқытуға жақсы мүмкіндік берді. Аталған сабақтарда балалар онлайн режимінде «Жер сілкінісі кезіндегі 10 оңай қадам», «Үйде және табиғатта дем алу кезіндегі өрт қауіпсіздігі Ережелері» және «Жоғары қабаттардағы қауіпсіздік» тақырыптары бойынша бейне сабақтарды игерді.  

«Каникул басталған кезде балалардың бос уақыттары көп болады. Бұл уақытта балалар өз беттерімен ойнағанымен оларға көшеде де үйде де көптеген әртүрлі қауіптер төніп тұрады. Балалардың отпен ойнауы өте қауіпті әсіресе бала ересектердің бақылауынсыз көп қабатты үйлерде жалғыз қалған жағдайда. - деп түсіндіреді Алатау ауданы ТЖ бөлімінің бас маманы Тастанов Айдос. Осыған орай, біздің өткізетін сабақтарымыздың мақсаты - ерте жастан қауіпсіз мінез-құлық туралы қажетті білім мен дағдыларды қалыптастыру және  жедел қызметтердің жұмысы туралы, төтенше жағдай орын алғанда қандай әрекет етіп, қайда қоңырау шалу керектігін түсіндіреміз.

Интерактивті сабақтар халықтың білім беру жүйесінде ерекше орын алады. ТЖД қызметкерлері оларды жүйелі негізде Алматы қалалық Білім басқармасының «Жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығында» өткізеді. Жалпы алғанда, 2019 жылы Төтенше жағдайлар департаментінің Азаматтық қорғаныс басқармасымен тұрғындарды азаматтық қорғаудың әртүрлі мәселелері бойынша 200 мыңнан астам оқушыны қамтитын 12 интерактивті сабақ өткізілді.

Өткен жылы суда жүзу кезінде жарақаттанған немесе қайтыс болған мектеп жасындағы балалардың, басқа да төтенше жағдайлардың болмау фактісі осындай жүргізілген  жұмыстардың нәтижесі  деп санауға болады.

Алматы қаласының ТЖД баспасөз қызметі