Мемлекеттік қызметтер






Өрт қауіпсіздгі саласындағы рұқсат етілген құжаттар тізімі

Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 сәуірдегі № 983 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы қаулысына сәйкес мына мемлекеттік қызметтер көрсетілетін болады:

1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді өрттердің алдын алу және оларды сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымдарда, елді мекендерде және объектілерде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау;

2. Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау

3. Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу).

Қазіргі уақытта Комитет «Мемлекеттік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасы ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бұйрығының жобасы әзірленді, ол жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекітуді көздейді.

Қазіргі уақытта аталмыш жоба көпшілік алдында талқылау және мүделлі ұйымдармен келісу рәсімінен өтуде.

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 1-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметтердің стандарты әзірленіп жатқандығын атап өткен жөн, ол мемлекеттік қызметтерді мемлекеттік қызметтер реестріне қосқан күннен бастап үш ай ішінде бекітіледі.

Осыған сәйкес мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілгеннен кейін Департаменттің ресми сайтына орналастырылатын болады.