«Құтқарушылар күнінде» Алматы өрт сөндірушілері ашық есік күнін ұйымдастырды

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің, Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің қызметкерлері мектеп оқушылары үшін техника, құтқару құралдары мен жабдығын көрсетіп ашық есік күнін ұйымдастырды.

Дәстүрлі түрде, балаларға өрт сөндіру бөлімінің тарихы туралы қысқаша әңгіме баяндалды. Сонан соң, бөлімшелерді аралау кезінде оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті өмірімен таныс болды.

         Осылай, қала аудандарының барлық мектеп оқушылары, соның ішінде Әуезов, Алатау, Наурызбай, Медеу аудандарының оқушылары қауіпсіздік сабағын үздік меңгерді: «Құтқарушылар Күнін» мерекелеу қарсаңында өрт сөндірушілер оқушыларды қауіпсіз жерге көшіріп, көрнекті өрт тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Балалар өрт сөндіру көлігіне қанша су сиятынын және өрт кезінде бұл қордың неше уақытқа жететінін қызығушылықпен тыңдады. Барлық тілек білдірушілер өрт сөндіру көліктеріне отырып көрді және суретке түсті. Балалар өрт сөндірушілердің жауынгерлік киімінің ерекшеліктері туралы көріп білді, құтқарушылар оны қалай дұрыс және тез кию керектігін көрсетті. Балалардың қуанышында шек болмады, олар жауынгерлік киімді киіп көру мүмкіндігіне ие болды.

Кәсіби мерекеге орайластырылған іс-шаралар азаматтық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы ақпараттың кеңінен таралуы, өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін және жастардың кәсіби бағдарын дамыту  үшін ұйымдастырылған болатын.

        

                                                                Алматы қ. ТЖД баспасөз-қызметі